Таза бейсенбі: Шымкентте жүздеген адам тазалыққа атсалысты

Шымкент қаласында дәстүрге айналған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында жүздеген тұрғын белсенділік танытты.

Бұл жолы тазалық жұмыстары «Нұрсәт» шағын ауданындағы саябақ аумағында ұйымдастырылды. Қатысушылар саябақты қоқыстан тазартып, көгалдарға күтім жасады. Ағаш түптері әктеліп, ирригациялық жүйелер аршылды. Экологиялық шараға «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, коммуналдық қызмет өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері тиісті тазалық шарасы 9 рет өткен. Нәтижесінде 11 тоннадан астам қоқыс жиналды. Игі бастама қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етіп келеді.

Ербол Байқоныс, «Amanat» партиясы шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Адамның рухани тазалығы деп жатамыз. Яғни әркім өзінен бастау керек. Шымкент қаласын жасыл қалаға айналдыру мақсатында осы акцияға бірлесуге шақырамыз. Экологиялық мәдениет қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. Өйткені кезінде шашылып жататын жерлер қазір тап-таза болып жатыр. Әрқайсысы өзінен кейінгі қоқысты тазалап кетіп жатыр.