Шымкентте үш тонна қоқыс шығарылды

Шымкентте 3 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды 24KZ. Белсенділер Ақжайық шағынауданында шашылған тұрмыстық қалдықтар мен полиэтелен пакет, пластик бөтелкелерді жинады.

Арықтар тазаланып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық шараға қатысушылардың айтуынша, биыл осындай акциялар аясында 12 тоннадан астам қоқыс арнайы полигонға төгілді.

Мырзахмет Шарахымов, коммуналдық мекеменің қызметкері:

- Қазір 3 тоннадай қоқыс жиналды таңертеңгі сағат жетіден бері. Халық жиналып, тазалап жатыр. Ақжайық шағынауданында. Оны қоқыс полигондарына шығарып тастаймыз. Таза Қазақстанға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз.