Атыраулық жастар саябақты қоқыстан тазартты

Атырауда «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Балықшы» ықшамауданындағы саябақты қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Тал-теректің түбін қопсытып, әктеп шықты.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 30-дан астам студент те қатысты. Тазалық шарасы аудандарда да ұйымдастырылды. «Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін экоакцияның маңызы зор», – дейді ұйымдастырушылар.

Абылай Құрметұлы, «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

- Осы жерде Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне арналған ескерткіш бар. Соны да тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл акция тек қана бірінші рет емес, осыған дейін әрбір бейсенбі сайын жүргізіліп тұрады және алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгінгі шараға біздің Жастар Рухының белсенділері қатысып жатыр.