Семейліктер ауыл айналасынан 10 тонна қоқыс шығарылды

Семейліктер «Бейбітшілік» аралының маңындағы ауыл айналасын күл-қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Олар шамамаен екі шақырым жерден 10 тонна қоқыс жинады.

Тазалық шарасын «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырып, жергілікті депутаттар, жастар мен еріктілер үлес қосты. Барлығы 200 адам атсалысты. Жыл басталғалы қалада 20 рет сенбілік өтті. Саябақтар, алаңдар мен аулалар қоқыстан тазартылды. «Таза Бейсенбі» акциясы әлі де жалғасады.

Темірлан Бақтияров, «Жастар Рухы» жастар қанатының Абай облыстық филиалының төрағасы:

- Жыл көлемінде біз «Таза Бейсенбі» акциясы аясында 30 мыңға жуық адам осы акцияларға тұрақты түрде қатысып, 90 мыңға жуық біз қоқысты жинастырған болатынбыз. Енді бұл акциялардың мақсаты, өздеріңіз білетіндей, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жүргізу.