Экология саласына қатысты стартаптарды қаржыландыру маңызды — министр
Өңірлік эко-хабтың құрылуы мен экология саласына қатысты стартаптарды қаржыландыру маңызды. Отандық өнеркәсіптің технологиялық жаңғыруы бағытында өткен отырыста Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осылай деді.
Жиын барысында зиянды шығындыларды азайтуға, ресурстарды үнемдеуге және өнеркәсіпке таза технологияны енгізуге бағытталған үздік стартаптар таныстырылды. «Жалпы шараның мақсаты – елдің дамуын қолдап, отандық «жасыл» шешімдерді ұлттық экономикаға жүйелі енгізу қажеттігін айқын көрсету», – дейді мамандар.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу мәселелері бойынша бүгін стартаптардың иелерімен әңгіменің басын құрадық. Жалпы біздің көріп тұрған екі проблема: ол біріншісі – қаржыландыру. Ал екінші осы стартаптардың басын қосып, бір IT-технологиясына арнайы жасаған Астана хаб сияқты сондай бір хаб құру мәселесін көтеріп жатыр. Осы екі мәселені шешсек, біз көптеген стартаптың іске асуына ықпалымызды тигізетін едік.