Абай облысында 18 тонна қоқыс шығарылды
Биыл Абай облысының 20 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды 24KZ. 130-ға жуық техника жұмылдырылып, арнайы полигондарға 18 тонна қоқыс шығарылды.
Жақын күндері 32 мыңнан аса ағаш егіледі деп жоспарланған. Ал келесі аптада облыстағы су айдындарының маңайы қоқыстан тазартылады.
Сауалнама:
- Бізге ол көзімізге көрінбегенімен, көп жерде тазалық акциясы жүргізілсе, қала қонақтары болсын, қаланың тазалығын көріп, халықтың пейілін көреді.
- Әркім өз ауласын таза ұстаса, ол тек қана сенбі күндері осындай акция аясында емес. Жалпы адамдардың күнделікті өміріне енуі керек дүние.
- Тазалық деген өзімізге жақсы ғой. Өйткені өзіміз жүретін жолымыз таза болса, адамға ыңғайлы. Ластанбайды.