ҚПО метан шығарындыларын азайтуды мақсат етіп отыр

Метан шығарындыларын азайтуға қатысты жаһандық бастама кен игеруші компанияларға да жауапкершілік жүктейді, деп хабарлайды 24kz.

Осы ретте «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы парниктік газдың есебін жүргізуді бастап кетті. Оның ауаға таралу көлемін азайту мақсатында тың технологиялар енгізуге де мүдделі.

Қарашығанақ – әлемде мұнай мен газ коденсантын игеретін ірі кен орындардың бірегейі. Компанияның «Таза Қазақстан» экологиялық фестиваліне қатысуы да содан. Көпшілікке қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларын көрсетті. Соның негізгісі – метан шығарындыларын есепке алып, мейлінше азайту.

Марко Марсили, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры:

-Біздің қызметіміздің тағы бір бағыты – метан мен СО2 шығарындыларын азайту. Сол бойынша біз өте белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Үлкен жауапкершілік алдық. Жаңа технологиялар тартылады. OGMP 2.0 бағдарламасына сәйкес 1-2 жылда алтын стандартқа қол жеткіземіз деп ойлаймыз.

Биоалуандықты сақтау мен экологияны бақылаудың озық технологиясы да көрмеге қойылды. Кәсіпорын қалдықтарды кәдеге жаратуды жолға қойған.

Мұхтар Манкеев, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы бас директорының орынбасары:

- Өндірістік компания болған соң мұнай-газ тауып жатырмыз. Сондықтан өндірістік қоқыстар пайда болады. Қазіргі таңда өзіміздің экоорталығымыз бар. Кешен ішінде тұрған. Өндірістік қоқыстарды бәрін өңдеп жатырмыз. Сондықтан таза ауаға, экологияға деген шығындарды біз үлкен бағытта төмендетіп отырмыз.

Компания «көгалдындыру жобасын» жүзеге асырып жатыр. Кен орны мен санитариялық-қорғау аймағында 1,5 млн ағаш отырғызылған. Қосымша 350 мың тал егу көзделіп отыр. Жалпы консорциум қоршаған ортаны қорғауға бүгінге дейін 450 млн-ға жуық доллар құйған.

Авторлары: Нысаналы Ығыл, Ырыстанбек