Ұлытау ауылында ерекше экологиялық сабақ өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау ауылында ерекше экологиялық сабақ өтті, деп хабарлайды 24kz.

«Туған жер – алтын бесігім» атты шараға қатысқан оқушылар таза ауада сурет салып, туған өлкенің табиғи көріністерін қағаз бетіне түсірді. Жас суретшілерге арналған іс-шараны «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Танымдық мазмұнға толы бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Баубек Болат, «Ұлытау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бөлім басшысы:

- Бізде маусым айына дейін осы «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы жалғасатын болады. Осыдан кейін мамыр айында 500 түп ағаш отырғызу жүргізілетін болады аудандық мектеп оқушыларымен бірге. Ұлттық парк аумағына және ауданның аумағына сенбілік жасау және түрлі ойындар өткізу жоспарда бар.