Ертіс өзенінің жағалауы тазартылды
Павлодарлық экобелсенділер Ертіс өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Таңертеңмен қолға құрал-саймандарын алған олар 50 қап тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинап, аумақты ретке келтірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Акция қатысушылары табиғатты қорғаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.
Гүзел Қапенова, «Жасыл ел» еңбек жасағының менеджері:
- Бүгінгі күні біз осы 50-ден астам адам болып жиналып, Усолка аумағын жинауға барлығымыз бірге үлес қосамыз. Себебі қазір дала жылы, өзіміз бәріміз бірге қосылып, ойын ойнап, кішкене би билеп, дене шынықтыруды жасап, қазір ауланы жинауға баратын боламыз. Себебі енді барлығы кішкентай қадамдардан басталады.