Жезқазғанда дәстүрлі тазалық акциясы өтті
Жезқазғанда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тазалық акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Табиғат жанашырлары қаладағы ең ірі демалыс орындарының бірі – «Наурыз» саябағын қоқыстан тазалады. Биыл «Аманат» партиясының бастамасымен 15 тазалық шарасы ұйымдастырылып, 120 тоннадан астам қоқыс жиналды. Партия мүшелері алдағы уақытта қаланың айналасын, тарихи және туристік орындардың аумағын тазалауды жоспарлап отыр.
Ерлан Мырзабеков, «Amanat» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
- Біз әр бейсенбі сайын шығып жатырмыз. Мыңнан астам адам қатысты. одан бөлек жалпыоблыстық, қалалық сенбіліктерге де қатысып, қаламызды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі кезде тарихи жерлерді тазалау, одан кейін мемлекеттік тапсырысқа енбеген жерлер, мынау жағалауды, жол бойын тазалаймыз.