1,8 млн оқушы суды үнемдеу бойынша ашық сабақтарға қатысты

Елдегі 2 миллионға жуық оқушы «суды үнемдеп пайдалану» тақырыбында ашық сабақтарға қатысты. Мектеп – бала бойындағы оң әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Сондықтан Су ресурстары және ирригация мен Оқу-ағарту министрліктері «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық науқан аясында осындай бастаманы қолға алған.

Акция мұнымен тоқтап қалмайды. Ведомстволар алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де осы тақырып бойынша дәріс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.