Қарағанды орман шаруашылығының тәлімбағы екі есе кеңейді

Мұнда өзге ағаш түрлері де өсіріледі.

Биыл алғаш рет қайың, итмұрын және долана егілді. 

Орман шаруашылығының инфрақұрылымы жақсарып, техника паркі жаңаланған. Жасыл белдеуді тілсіз жаудан қорғау мақсатында былтыр жеке өрт сөндіру станциясы іске қосылған ед.

Орман шаруашылығының тәлімбағы бұрынғыдан екі есеге кеңейтілді.  Жалпы аумағы 81 гектар жер толық қоршалып, жарық бағандары, бейнебақылау қойылған. Бұрын мұнда терек, қарағай, үйеңкі және қарағаш өсірілді. Ал биыл алғаш рет қайың, итмұрын және долана көшеттері егіле бастады. Тәлімбақта жоспар бойынша жыл сайын 1 миллион 300 мың көшет өсіріледі.

Эдуард Крюков, Қарағанды орман шаруашылығының инженері:

- Тәлімбақта жылыжай кешені салынады. Қазір жобалық-сметалық құжаты рәсімделіп жатыр. Келешекте оған қарағай көшеттерін топырағымен егеміз.  Соның арқасында  тез бой көтереді. Бір жылдан соң  оларды орманға егуге болады.  Жылыжайда жылына 1 миллион қарағай өсіреміз.

Орман шаруашылығының инфрақұрылымы, техника паркі жақсарып алынған. Қазір көшет егілген алқаптың 25 пайызы тамшылату әдісімен суарылады. Тұқым кептіретін қондырғымен жабдықталған қойма да бар. Жасыл белдеуді тілсіз жаудан қорғау мақсатында былтыр жеке өрт сөндіру станциясы іске қосылды.

Жасұлан Сыздықов, орман өрт сөндіру станциясының басшысы:

- Жаңадан «КАМАЗ» берілді, сосын «УАЗ» техникасы берілді. Өрт сөндіру станциясы болмаған кезде қаладан келетін. Қаладан келудің өзі біраз уақыт алатын. Қазщір міне барлығы оперативно дейміз ғой, тезірек. 

Биыл өңірдегі орманды алқаптарға 2 миллион көшет егу жоспарланған. Қарағанды, Шахтинск және Теміртау қаласы маңындағы жасыл белдеуде бұл жұмыс басталып кетті.

Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит