Шымкентте ластанған аумақтар картасы жасалады
Шымкентте қала белсенділері экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында ластанған аумақтар картасын жасап жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл бастама «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында жүзеге асады. Картаға енген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл жолы партия мүшелері мен коммуналдық қызмет жұмысшылары Әл-Фараби ауданындағы ірі базардың айналасын қоқыстан тазалады. Белсенділердің айтуынша, «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да жалғасады. «Басты мақсат – тұрғындар арасында тазалыққа деген мәдениетті қалыптастыру», - дейді олар.
Ердәулет Жүнісбек, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Жыл басынан бері біздің ауданда төртінші рет ұйымдастырылып тұр. Әр бейсенбі сайын әр ауданның кезегі болып тұрады. Одан бөлек, осы төрт рет ұйымдастырғанымыздың ішінде 130-ға жуық қала тұрғындары да жұмылдырылды.