«Таза Қазақстан»: Атырауда мектеп оқушылары экобайқауға қатысты

Атырауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық байқау өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оқушылар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында театрландырылған қойылым ұсынды. Өңірдегі өзекті мәселелерді зерттеп, экология тақырыбын қозғаған балалар қоқысты сұрыптаудың, су айдындарын таза ұстап, тал-терек егудің маңызын көрерменге жеткізе білді.

«Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар.

Эльмира Сыдықова, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шарамыз. 11 мектеп қатынасты. Құрманғазы ауданынан, Жылыойдан, Махамбеттен, Қызылқоға ауданынан және қаланың үш мектебінен қатысты. Негізгі тақырыптар – қоқыстарды бөлек сұрыптау, суды үнемдеу сосын Азғыр полигоны бойынша қозғалды.