Жезқазғанда еріктілер «Алғашқы құрылысшылар алаңын» тазалады
Жезқазғанда студенттер мен еріктілер «Алғашқы құрылысшылар алаңын» тазалады, деп хабарлайды 24kz.
Тазалық акциясына жиырмадан астам жасөспірім қатысты. Олар демалушылардан қалған қоқысты жинап, орындықтарға жазылған жарнамалық жазбаларды өшірді. Тұрғындарды қоршаған ортаға қамқорлық танытуға үндеді. «Аmanat» партиясы филиалы мұрындық болған акция алдағы күндері де жалғасады. Еріктілер қарт ұстаздардың үйлерін жинап, ауласын тазалауды жоспарлап отыр.
Ақжол Жантілеуов, Жастар ресурстық орталығының маманы:
- Орталық саябақ болғаннан кейін адамдар көп жиналады. Әрине, біздің Жезқазған қаласының адамдары әрбір қоқысты өзіне тиесілі жәшікке апарып тастайды. Бірақ, сырттанұшып келетін қоқыстар бар. Біз соларды сыпырып, өсіп кеткен арам шөптерді қырқып, жұлып, олардың орнын тазалап жинастырдық.