Көне Қойлық қалашығы қоқыстан тазартылды
Көне Қойлық қалашығы қоқыстан тазартылды.
Тарихи нысандағы тазалық шарасын мәдениет саласының қызметкерлері ұйымдастырды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жергілікті тұрғындар да атсалысты. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандағы құлап қалған тақтатас орнына қойылды. Қойлық орта ғасырларда Жібек жолы бойындағы сауда-саттығы дамыған, мәдени орталық болған. Мемлекет қорғауындағы аумақ қазір консервацияда тұр. Өйткені әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.
Берік Әбдібаев, өлкетанушы:
- Байпақовтың айтуы бойынша бұл Отырармен теңестірілген үлкен қала. Сауда орталығы осы жерден керуендер жүрген. Сондай үлкен шаһар. Соны біздің мақсатымыз келер ұрпаққа айтып жеткізіп, үлес қосу болашақтың міндеті деп есептеймін.