Экологиялық мәдениет қалыптасып келеді

Бүгінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоқысты сұрыптау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

Ауқымды шаралар тоғыз мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, атап айтсақ, «Шарын», «Көлсай», «Сайрам-Өгем», «Баянауыл», «Алтынемел», «Көкшетау», «Қарқаралы», «Іле Алатауы» мен  Бурабайда жүзеге асырылды. Жауапты мекеменің дерегінше, онда 109 контейнер және 13 модульдік қоқыс қабылдау станциялары орнатылды. Сондай-ақ 700 мың биологиялық ыдырайтын пакет таратылды.