Еліміздегі тоғыз қалада ауа сапасы нашарлаған

Елде ауаның ластануы қалыпты құбылысқа айналып барады.

Депутаттар осылай деп дабыл қағып отыр. Биыл 70 елді мекенде арнайы мониторинг  жүргізілген. Нәтижесі көңіл көншітпей тұр.  Алғашқы 6 айдың өзінде ауаның жоғары деңгейде ластануының 298 дерегі тіркелген. Ал Экология министрлігі биыл 900-ден астам нысанға тексеріс жүргізіп, 2,5 мыңнан астам бұзушылықты анықтаған. Олқылықты жоюға 1 мың 400-ден астам нұсқама беріліпті. Алайда ахуал әлі оңалмай тұр.  Қазгидрометтің талдауы бойынша биыл 19 қаланың 9-ында  ауа сапасының шамадан тыс ластануы байқалған. Бұл қатарда Астана, Қарағанды, Ақтөбе және өзге де өндірістік аймақтар бар.