Талдықорғанда орталық саябаққа қарағай отырғызылды
Талдықорғандағы орталық саябақтың бір бөлігі қарағайлы аллеясына айналады.
Бүгін демалыс орнына қылқан жапырақты көшеттер егіліп, аумағы абаттандырылды. Наурызнаманың Жаңару күніне орай Жетісу облысында үш мыңға жуық тал егілді. Сонымен қатар көпшіліктің көмегімен сенбілік өтіп, бұлақ көздері ашылды. Енді Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамында аудан-қалаларда екі мың көшет егіледі.
Әсел Әлімбекқызы, қала тұрғыны:
- Бүгін елу шақты ағаш отырғыздық және осы ағаштар өсіп, жанданып гүлдене берсе нұр үстіне нұр болмақ. Қаламыздың көркеюіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.