Түркістанда сакура гүлдеді
Яссауи кесенесі аумағындағы ботаникалық бақта Жапонияның символына айналған ағаш гүл ашты.
Осыдан 4 жыл бұрын Ислам бағы негізінде салынған ерекше саябаққа, Германиядан сакураның 200 түп көшеті отырғызылған. Содан бері жыл сайын сәуір айында, қауызы бүр жарып, екі апта бойы қалаға жұпарын шашып тұрады. Мұнда сакураның бес түрі бар. Қазір бұл бақ, тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған.