ШҚО-да құтқарушылар орманға десант түсірді

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өрт қаупі бар аймаққа десант түсірді.

Жаттығу орманды алқапта өтті «Қазавиақұтқару» ұшақтары төбеден су төгіп, дайындықтарын көрсетті. Өйткені жаз шыға өрт көбейеді, соған дайын болу керек. Былтыр өңірдегі орман қорында жалпы ауданы 200 гектардан асатын 27 өрт тіркелді. Осы себепті Төтенше жағдайлар қызметі отпен күрес тәсілдерін жетілдіре бастады. Қазір орман өртін автоматты түрде анықтау жүйесін енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Камералар мен дабыл датчиктерін орнатуға 90 орын белгіленген. 

Ерлік Жағыпаров, қалалық  №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

- Өрт қауіпті мезгіл басталуы себепті тәулік ішінде өрт сөндіруші-құтқарушылар он беске дейінгі өртті жоюда. Соңғы деректерге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша 14 өрт дерегі тіркеліп,105 гектар жер өртенген. Сол себепті қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап саяжайлар мен далада қоқыстарды және құрғақ шөпті өртемеуге шақырамыз.