Астанада сарбаздар сенбілікке қатысты
Сарбаздар да сенбілікке шықты.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған қарулы күштердің жеке құрамы «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты. Олар қала көшелерін қоқыстан тазартып, сондай-ақ ведомствоға қарасты мекемелердің ауласын абаттандырды. Әскери қызметшілердің «Таза Қазақстан» жобасына қатысуы қоғаммен бірліктің көрінісі ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың айқын дәлелі болды, дейді ұйымдастырушылар.
Қуаныш Әлібеков, ҚР ҚМ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасының офицері:
- Дәстүрге айналған бүгінгі жалпы сенбілікке жиналып отырмыз. Жалпы сенбіліктің мақсаты адамдардың тұрып жатқан шаһарында тазалыққа, жинақылыққа, әр адам тазалыққа дағдыланса қаламыз оның ішінде Қазақстанымыз біз де атсалысуымыз керек. Өйткені тазалық бар жерде әдеп болатыны ләзім.