Сәтбаевтағы жасыл желек жерасты су көздері арқылы суарылады
Сәтбаев қаласында жасыл желек жерасты су көздері арқылы суарылатын болды.
Шаһарда бірнеше ұңғыма қазылған. Бұл жүйе ылғалды ұстап тұруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаздың аптап ыстығында саябақтар мен гүлзарлар дер кезінде суарылады.
Сәтпаев қаласының Ұлытау көшесіне биыл 6 мың түп мамыргүл көшеті егілу тиіс. Жасыл желекті жергілікті билік жерасты су көздерінен суаруды көздеп отыр. Биыл шаһарда ылғал жеткізудің жаңа жүйесі салынады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 128 млн теңге қаржы бөлініп, 6 құдық қазылады. Су резервуарлары мен тамшылап суару қондырғылары орнатылады. Жаңа суару жүйесі мамыр айында дайын болуы тиіс.
Ахмет Сыздыманов, Сәтпаев қ. әкімінің орынбасары:
- Мұның барлығы пилоттық жоба болып есептеледі. Пилоттық жоба өзін жақсы көрсетіп, сулардың барлығы шығып, лабораториялық тексерістен барлығы өтіп жақсы жағынан көрсеткен болатын. Ұлытау көшесінде 2 ұңғыма, Ерден көшесінде 2 ұңғыма, Мәңгілік ел көшесінде бір ұңғыма және де Жеңіс паркінде тағы бір ұңғыма қазылған болатын. 25 ұңғыма қазу жоспарда бар.
ЖЕЗҚАЗҒАН
Жезқазғанда да жасыл желекті жерасты су көздерінен суару жоспарланып отыр. Шаһар тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Наурыз саябағында бұл мәселе біраз жылдан бері шешімін таппай келіп еді. Биыл қала бюджетінен 7 млн теңге бөлініп, ұңғыма қазылды. Тиісті құрал-жабдықтары сатып алынды.
Әділ Темоханов, "Демалыс және мәдениет саябақтарын басқару" КММ директорының м.а.:
- Қазіргі таңда ұңғымадан 100 пайыз су шығып, 1 сағатта 10 куб цистернаны толтырып отыр. Су беру маусымы 5 мамыр күні басталады. Ол уақытқа дейін жаңа отырғызыдлған көшеттер, жас талдарды водовоздардың көмегімен суарып жатырмыз. Осы жазға 5 мамырдан бастап Наурыз саябағын жүз пайыз суару суымен қамтитын ойдамыз.
Қазір саябақ қызметкерлері ескірген құбырларды ауыстырып жатыр. Күн қызып, жер дегдігенше жерасты суын жеткізу жүйесі саябақ аумағын түгел қамтитын болады.
Елизавета Шалина, Нурлан Исмаилов, Гульшахира Серекбаева