Түркістанда экотуризмді дамыту бойынша кеңес өтті
Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, жобалар талқыланды. Кеңес барысында экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.