Көкшетау тауына туристерді жібермейді
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды «24KZ».
Аталған шара ұлттық парк аумағындағы өрт қаупінің жоғары деңгейіне байланысты енгізіліп отыр. Уақытша шектеу ықтимал өрт ошақтарының алдын алуға және Бурабайдың бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған.
«Бурабай» МҰТП курорт қонақтары мен тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, демалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және ұлттық парктің баламалы туристік орындарына басымдық беруді сұрайды. Бурабай табиғатын сақтау – әрбір келушінің жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет, - делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз