Қарағандыда еріктілер жағалауды тазалады

«Таза өзен – таза жағалау» экологиялық акциясы аясында Саран су қоймасының жағалауында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.

Көшпелі сенбілікке жүзге жуық ерікті қатысып, бірнеше сағат ішінде шамамен 200 қап қоқыс жинады. Табиғат жанашырлары су айдындарының тазалығын сақтау мақсатында мұндай шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Көктем мезгілінен бері өзен жағалауларынан мың жарым қапқа жуық қоқыс шығарылған. Еріктілер қалалық аумақтармен қатар шалғай елді мекендерде де тазалық акцияларын өткізіп жүр. Өткен жылы өңірдегі ерікті жастардың көмегімен, бес гектар аумақ абаттандырылып, қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосылды.

Айым Қанапиянова, Саран қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Бұл акцияға жалпы волонтерлерден, сонымен қоса мектеп оқушылары, студенттер, «Жасыл ел» жасақтарынан жалпы саны 100-ге тарта қатысушы қатысып жатыр. Олардың бәрі үлкен энтузиязммен, өздерінің көңілдерімен, қалауларымен келеді. Себебі қаламыздың тазалығы басты проиоритеттегі нәрсе деп ойлаймыз.