«Таза Маңғыстау-2026»  экочелленджі басталды

Маңғыстау облысында «Таза Маңғыстау-2026» экологиялық челленджі басталды.

Акция үш айға жалғасады. Осы аралықта ауыл-аймақты қоқыстан тазалау, ағаш егу, тұрмыстық қалдықтар сұрыпталады. Каспий теңізін сақтау жөніндегі жоба жасалады. Іс-шараға оқушылар, студенттер, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары қатысады. Жұмыс қорытындысы бойынша экорейтинг жасалады. Экологиялық челлендждің  жүлде қоры 5 миллион 200 мың теңгені құрайды. Ұйымдастырушылар арнайы Гран-при де дайындайды. Бұл жүлде ең маңызды экологиялық жоба ұсынған қатысушыға беріледі.

Кирилл Осин, тәуелсіз эколог:

-  Қатысушылар Instagram-дағы "Таза Маңғыстау"ресми парақшасында көрсетілген сілтеме бойынша тіркелу қажет. Одан кейін әлеуметтік медиа парақшасына фотосуреттер немесе бейнелерді жүктеп бізге осы материалдарды тексеруге жіберіңіз. Мұның бәрін экологиялық бастаманы жүзеге асырғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей жасау керек.