Жауын-шашын, секундына 23 метрге дейін жел: Ақмола облысына арналған ауа райы болжамы
19 шілде түнде Ақмола облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Қазгидромет мамандары тұрғындарға ескерту жасап, қатты дауыл тұратынын, арты бұршақ аралас жаңбырға жалғасатынын хабарлады. Түнде және таңертең облыстың батыс, солтүстік бөлігінде тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 20 метрге, тіпті кей уақыттарда 23 метрге дейін үдейді.