«Семей орманында» екі апта бойы жанған алапат өрт толық сөндірілді

Тілсіз жаумен күресуге Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар мен Қорғаныс министрліктерінен мамандар жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, өрт 16 шілдеде тұтанған еді. 18 шілдеде оқшауланды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.