Қызылорда облысында тазалық пен тәртіпке бақылау күшейді

Қызылордада жыл басынан бері қоршаған ортаны ластағандарға қатысты 11 мыңға жуық хаттама толтырылды. Сонымен қатар 400-ге жуық вандализм дерегі тіркелді.

Тәртіп бұзғандардың дені бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Қоғамдық тәртіпті бақылаумен қатар, тазалық инфрақұрылымы да нығайтылып жатыр. Коммуналдық мекемелерге 37 жаңа техника берілді. Олардың ішінде қар күрейтін, қоқыс таситын, көше тазалайтын арнайы көліктер бар. Жалпы өңірдің коммуналдық қызметіне соңғы төрт жылда 82 арнайы техника сатып алынды. 

Нұрлыбек Сейілханов, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің бас инженері:

- Бұл мекемеміз қазір техникамен 80 пайыз жаңаланды. Қазіргі таңда тазалық мекемесі бойынша 280-дей техникамыз бар. 500-ге жуық мекемеде қызметкерлер бар, оның көпшілігі жұмысшы қызметкерлер. Қаланың енді 280-ге жуық көшесін тазалауда. Көп пәтерлі үйлердің арасын бәрін қазір таңда жақсы тазалап, жақсы жұмыс істелуде.

Сондай-ақ оқыңыз: