Абай облысында үш мың түп ағаш егілді

Абай облысында 3 мың түп ағаш егілді.

Бұл игі шара Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылды. Акцияға 15 мыңға жуық тұрғын атсалысты. Олар қала-аудандарда қоғамдық орындарды ретке келтіріп, қоршаған ортаны көгалдандыруға үлес қосты.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өткен шараға 100-ге жуық ақсуаттықтар қатысып, саябақ аумағына көшеттер екті.

Берік Уәли, облыс әкімі:

- Осы Таза Қазақстан бастау алғалы 2 жылдың ішінде қаншама ауыл, аула, аумақ, қала бәрі тазарды шыны керек. Өзіміз де көріп отырмыз. Осы сіздер жастар қолдағандарыңыз өте жақсы.

Балжан Жайлауғазиева, Ақсуат ауылының тұрғыны:

- Ағашқа да адамға жасалған сияқты күтім қажет. Енді осы шыршаларды баптап күтіп, уақытында суын құйып үлкен болып өсуіне үлес қосамыз әрі қарай.

Семейде де тұрғындар сенбілікке шығып, қоғамдық орындарды қоқыстан тазалады. Жалпы тазалық жұмыстарына 15 мыңға жуық адам қатысып, 204 техника жұмылдырылды. 4 мыңнан астам тонна қалдық арнайы полигондарға шығарылды.

Айдос Төлеуханов, «Әділет» партиясы қалалық филиалының төрағасы:

- Әр сенбі қала тұрғындары өз ауласынан бастап барлығы қаланың тазалығына атсалысып келе жатыр. Бүгінгі күн де ерекше болып тұр. Қарағайлы ықшам ауданында ағаш отырғызу жұмыстары бұл бірінші рет емес.Әлі де жалғасын тауып келе жатыр.

Өңірде соңғы алты айда өткен сенбіліктерге 338 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Осы уақыт аралығында 39 мың аула, 1231 саябақ пен сквер аумағы тазаланды. Өңірлік жоспарға сәйкес биыл 67 мың ағаш көшетін егу көзделді. Жасыл желекті көбейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Сондай-ақ оқыңыз: