Алматыда 3 мыңнан астам автобустың тең жартысы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді

Фото: gov.kz

2026 жылдың басынан бері Алматыдағы автобус парктерінде шығарынды газдарға 3 мыңнан астам өлшеу жүргізілді, деп хабарлайды «24KZ».

«Eco Almaty» ЖШС-нің мәліметінше, жалпы мамандар 3 108 автобусты тексерді. Мониторинг нәтижесінде оның 1 420-сынан, яғни шамамен 45,7%-ынан белгіленген экологиялық талаптарға сәйкессіздік анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Айта кетейік, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Қағида автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған шараларды қарастырады

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: