Елде орман қоры ұлғайды

Таза Қазақстанның бір бағыты – қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру. Осы орайда қала іші ғана емес, Астана төңірегі мен аймақтарда жасыл желек қоры ұлғайып келеді.

Елдегі орман қоры 2010 жылы 29 млн гектар болса, араға 10 жыл салып, яғни 2020 жылы 30,5 млн гектарға жетті. Ал бүгінде елде 31,4 млн гектар орман бар. Елдегі орманның ұлғаюына Президенттің ел аумағына бес жыл ішінде 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы тапсырмасы ықпал етті.   

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Аралдың құрғаған табанындағы 1,5 млн гектарға сексеуіл егуді тапсырған еді. Соның арқасында Қызылорда облысы орман қоры бойынша ел аймақтары арасында көш бастап тұр. Мәселен, былтыр Сыр өңіріндегі орман алқабы 4 млн гектарға жуықтады. Ал Жамбыл облысында 2,3 млн гектар аумақта ағаш өсіп тұр. Бұдан бөлек, алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстары еніп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: