«Таза Қазақстан» акциясына ел бойынша 7 млн адам қатысты

«Таза Қазақстан» акциясына ел бойынша 7 млн адам қатысты. Акция аясында алты жыл ішінде 18,1 млн ағаш отырғызылды, деп хабарлайды 24KZ.

Орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында 1 млн гектардан астам алқапқа шамамен 1,7 млрд ағаш отырғызылды. Қазақстанның орманды алқаптарының көлемі 14 млн гектарға жетті. Елде экологиялық сана қалыптастыру, экологиялық білім беру сынды бағыттар жаңа Конституцияға енгізілді. «Таза Қазақстан» бастамасы тек сенбіліктермен шектелмейді. Ол тұрғындардың экологиялық санасын дамыта түсуді көздейді. Аумақтарды санитарлық тазарту аясында 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, 3,8 млн тоннаға жуық қоқыс жиналды. Бүгінде мемлекет қалдықтар мәселесін жүйелі түрде шешуге көшті, оларды жинаудан бастап терең өңдеу және кәдеге жаратуға дейінгі кешенді шараларды қолға алды.

Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша бүгінгі кезге дейін 9 мың 700-ден астам қоқыс жойылды. Өзіңіз білетіндей, бүгінгі таңда елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш отырғызылды. 2 мың волонтерлік жоба іске асырылды. Мыңнан астам мәдени шара өткізілді. 560 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді. Telegram-канал TazaQazBot бойынша негізі біздің азаматтарға арналған. Осы Telegram-канал арқылы өз сұрақтарын көтеріп, санитарлық жағдай және абаттандыру мәселелерін шешуге тікелей мүмкіндік береді. Telegram чат-бот өте маңызды. Бүгінгі таңда платформа арқылы 57 мыңнан астам өтініш түсті.

Сондай-ақ оқыңыз: