Көлсайда сирек аю камераға түсіп қалды
Көлсайда Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы бейнекамераға түсіп қалды. Сирек кездесетін жыртқышты ұлттық парк мамандары аумақты барлау кезінде тіркеген, деп хабарлайды «24KZ»
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары аумақты барлау барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюын (Ursus arctos isabellinus) бейнекамераға түсірді.
Таулы өңірді мекендейтін сирек жануардың тіркелуі — ұлттық парктің бай биоалуантүрлілігін бақылау мен жабайы табиғатты қорғау жұмыстары үшін маңызды дерек.