Түркістан облысында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Асарлату» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазығұрт ауданының тұрғындары халқымыздың ежелден келе жатқан асар дәстүрін жаңғыртып, туған жерді таза ұстау мен көгалдандыруға үлес қосты. Қосағаш ауылында жұрт жұмыла іске кірісіп, мың түп ағаш екті. Көшелерді жапырақтардан тазалап, қураған бұтақтарды кесті. Елді мекен аумағын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Ал Түлкібас ауданының тұрғындары Арыс өзенінің жағасын күл-қоқыстан тазартты. Экологиялық шараға 15 ауылдан үш мыңға жуық адам қатысты. Тұрғындар өзен жағасын, жол жиектері мен демалыс орындарын ретке келтірді. Облыс көлемінде өткен «Асарлату» шарасына 50 мыңға жуық тұрғын тартылды. 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 440 гектар аумақ тазартылды. Үш мың түп көшет егілді.

Бақдәуір Кәлмен, Түлкібас ауданы Әкімінің орынбасары:

– Аудан аумағында елді мекендердің ішіндегі, сыртындағы аймақтардың бәрі ауыл белсенділері мен жанашыр азаматтармен міндетті түрде жүргізіледі. Арыс өзенінің басынан бастап жатырмыз. 5 шақырым жерін тазалаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: