Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады

Ертең елдің бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде бұрқасын соғып, температура күрт төмендейді, деп хабарлайды 24KZ.

Қолайсыз күн райы әсіресе Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында болжанады. Өңірде қалың қар жауып, желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетуі мүмкін.

Шығыста өңірде көлік қозғалысы шектелді

Күн райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында бірнеше учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойды. Республикалық бағыттарда таңғы сегізге дейін жазғы дөңгелекті көліктердің жүруіне рұқсат жоқ. Синоптиктер Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертеді. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 30 метрден асуы мүмкін. Қарағанды облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Елордада жел күшейеді.

Сондай-ақ оқыңыз: