Алматыда ауқымды экологиялық акция өтті
Бүгін Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімдік пен ұлттық парк қызметкерлері, жастар ұйымдары және еріктілер қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімдік пен ұлттық парк қызметкерлері, жастар ұйымдары және еріктілер қатысты. Басты мақсат – табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Туристердің көбеюі таулы аймақтардың экологиялық жағдайына да әсер етеді», – дейді мамандар. Демалушыларға қоқыс қалдырмай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау ескертіледі.