Сәтбаев қаласында «Таза бейсенбі» акциясы өтті
Сатбаев қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Бейсенбі» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оның аясында «AMANAT» партиясының өкілдері саябақ пен скверлерді қоқыстан тазартты. Игі іске жастар жағы да белсенді қатысып жатыр. Олар қаланы абаттандыру жұмыстарына да атсалысады. Белсенділердің қатарында оқушылар мен студенттер де бар.
Жалпы аймақта тазалық жұмыстарымен қоса экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесулер жиі өтеді.
Асқар Шоқпұтов, «AMANAT» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының хатшысы:
- Қаламыздың жастары белсенділік білдіріп, әлеуметтік желіде де челлендждер жіберіп және де біздің қаламыздың, «дачный массив» дейміз, скверлер, парктерін жинап тазалап, жастар өз үлесін қосып жатыр осы акцияға. Енді осылай қаламызды таза ұстауға, барлығына тырысамыз.