Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

фото: inbusiness.kz

Биылғы жоспарға сай ел ішінде де 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылдың басында-ақ оның 801 мың шаршы метрі пайдалануға берілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 109% көп. Әзірге тек Маңғыстау облысындағы құрылыс көрсеткіші төмен. Мамандар салада жергілікті өнімдерді қолдану жақсы дағдыға айналып келе жатқанын айтады. 24 негізгі позиция бойынша талдау жүргізілді. Оның оны бойынша ішкі нарық толық қамтылған. Бұл темірбетон бұйымдары, құрғақ қоспалар, қабырға блоктары, кірпіштер, т.б. Ал линолеум, түсқағаз және санфаянстар елде шығарылмайды. Статистика комитетінің хабарлауынша, өткен айда құрылыс жұмыстары былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ке артқан. 78,2 млрд теңгегенің қызметі көрсетілді.