Бензин бағасы қымбаттай түседі – Маман

Қазақстанда  бензин бағасы арздандамайды. Керісінше қымбаттай береді. Бұл жөнінде Мұнай сервис компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылыков мәлімдеді.

Айтуынша, бағаның өсуіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары 2018 жылы инвестор қаржысына жөнделді. Енді бұл ақшаны қайтару керек. Келісім бойынша аталған жұмыстар өткен жылдан бері жүзеге асып жатыр. Бұл жерде короновирусқа қатысты жағдай негізге алынбайды. Екіншіден, Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы міндеттері бар. Оның бірі 2024 жылға қарай одаққа мүше елдердегі жанар-жағармай бағасын теңестіру. Қазір ең жоғарғы көрсеткіш Ресейде. Онда бензиннің бір литрі 260 теңгеден сатылып жатыр. Қазақстан біртіндеп осы бағытта жылжып келеді. Үшінші фактор, бензин бағасына оны өндіру кезіндегі химиялық қоспалардың құны да әсер етеді. Ал бізде тек мұнай шикізаты ғана бар. Қалағанының барлығы шетелден сатып алынады. Бұл тұрғыда теңге бағамының тұрақсыздығы кері әсер етері сөзсіз. Осы және өзге де себептерге байланысты бензин бағасы төмендемейді, тіпті тұрақты да болмайды деді Рашид Жақсылыков.

Қазірдің өзінде бензин бағасы еліміздің әр өңірінде әр түрлі және ең қымбаты 180 теңге. Назарыңызға ең көп тұтынылатын Аи-92 маркалы жанар-жағармайдың құнын ұсынамыз. 

***Салыстырмалы түрде алар болсақ, ең арзан бензин Ақтөбе қаласында. Бағасы 156 теңге. Ал Оралдағы жанар-жағармай бекеттері Аи-92 бензинін 162 теңгеден сатып жатыр. Қостанайда баға сәл қымбат. Одан кейінгі сатыда Алматы қаласы тұр. Бұнда Аи-92 маркалы бензин 165 теңге. Елордада ол 170 теңгеден сатылып жатыр. Түркістан мен Көкшетауда да дәл осындай жағдай қалыптасқан. Ал ең жоғары көрсеткіш Петропавл мен Атырауда тіркелді. Бұнда бензин 180 теңге.

Жеңілдетілген несие беру жалғасады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл 63 млрд теңге көлемінде қарыз таратпақ. Бұл 12 мыңнан аса жобаны қаржыландыруға жетеді. Яғни ауыл кәсіпкерлері 6 жарым жыл  мерзімге 12 млн теңгеге дейін несие ала алады. Сондай-ақ ауылмен қатар қалада жүзеге асырылатын жобалар да несиелендіріледі. Олар бойынша қарыз көлемі 16 млн теңгеге дейін, ал Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 20 млн теңгеге дейін деп белгіленген. Сыйақы мөлшерлемесі  6 процент. Ал көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне несие жылдық мөлшерлемесі  4 процентпен беріледі. Бағдарламаға ауыл шаруашылығы бағытындағы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті ашатын немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейткісі келетін кез келген кәсіпкерлер қатыса алады.

Бір айта кетерлігі, несие қаржысының жартысынан астамы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобалары мен стартап-жобаларға беріледі.