Биыл еліміздегі жолдарды реттеуге 277 млрд теңге бөлінді

фото: mail.kz

Жолға жүздеген миллиард теңге бөлінді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздегі тасжолдарды реттеуге қарастырылған қаржы көлемін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

277 млрд теңге. Биыл еліміздегі жолдарды реттеуге осынша қаржы қарастырылған. Бұл жөнінде ЛС порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ондағы ақпаратқа сәйкес, 277 миллиардтың басым бөлігі, нақты айтқанда, 159 миллиад теңгесі республикалық маңызы бар жолдарды салуға және қалпына келтіруге арналған. Ал, 66 миллиард жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ. Қалған 52 миллард жергілікті жолдардың күтіміне бағытталады. Бұдан бөлек, 205 миллард теңге салаға инвистиция ретінде салынады. Әсіресе, Алматыдағы үлкен айналма жолдың құрылысына 150, ақылы жолдарға 26, ал, жол жиегіндегі қызмет көрсету нысандарына 30 миллард теңге жұмсалмақ. «Осының арқасында халықаралық және республикалық жолдардың 90%-і жақсарады», - деп сендірді ведмоство өкілдері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 89%-ке тең еді. Ал, жергілікті жолдардың 78%-іне дейін дұрысталады. Осылайша, 2025 жылға қарай республикалық және жергілікті жолдарды, сәйкесінше, 100 және 95%-ке дейін жақсарту жоспарланып отыр.

***

Депозиттегі қаражат күрт көбейді

Депозиттегі қаражат күрт көбейді. Ұлттық банктің хабарлауынша, депозиттік ұйымдардағы жинақ көлемі наурыздың соңында бір айда 3,7%-ке ұлғайып, 23 млрд 378 млн теңгеге жеткен. Әсіресе, заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,7%-ке, яғни, 11 млрд 896 млн теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 2,6%-ке, яғни 11 млрд 482 млн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі осы аралықта 2,5%-ке, шетел валютасында 5,8%-ке ұлғайды. Долларландыру деңгейі наурыздың соңында 36,9% болды. Өткен жылдың желтоқсанында ол 37,3%-ке тең еді. Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі наурызда 7,2%, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,4%-ті құрады.

***

Қаржы ұйымдарына айыппұл салынды

Қазақстандықтардың құқын бұзған не шектеген қаржы ұйымдарына 7 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, айыпұл арқалағандар тізіміне екінші деңгейлі банктер, микроқаржылық ұйымдар және коллекторлық агенттіктер іліккен. Әсіресе, соңғылары салыстырмалы түрде үлкен жауапкершілік арқалады. Оларға бас-аяғы 3 миллион теңге айыппұл салынған. Өйткені коллекторлар мерзімі өткен қарыздарды қайтаруда өрескел заң бұзған. Ал, екінші деңгейлі банктер 2,5 миллион теңге айыппұл арқалады. Оған қарызды қайта қарауға қатысты себепсіз бас тартулар мен тұтынушылардың өтінішін ұзақ уақыт қарастыру сияқты жағдайлар түрткі болды.

***

Үй бағасы қымтаттап жатыр

Алматыда пәтер қатты қымбаттап жатыр. Халықаралық консалтингтік компания өкілдері еліміздің қалаларындағы жағдайды сараптап, осындай тоқтамға келді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Алматыда соңғы бір жылда үй бағасы 25%-ке шарықтаған. Қазір онда жаңа баспананың шаршы метрі орташа алғанда 486 мың теңгені құрайды. «Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш және жыл соңына дейін тағы 20%-ке қымбаттауы мүмкін», - дейді консалтингтік компания өкілі Беслан Цатиашвили. Оған себеп көп. Мемлекеттік бағдарламалар, құрылыс компаниялардың көбеюі деп кете береді. Алайда, алаңдататын да тұсы бар. Мәселен, бағаның шарықтауы жергілікті жұрт табысымен сәйкес емес. Оның үстінде қолданыстағы баспаналар да нарықтағы ахуалды пайдаланып, бағасын көтеріп қалуға тырысып жатыр. «Бұл жағдайдан тек ірі құрылыс компаниялары ғана ұтады», - дейді сарапшы. Ал, елордада, керісінше, бағаның күрт шарықтауы күтілмейді. Өйткені өткен жылы 3 миллионнан аса шаршы метр қолданысқа берілді. Биыл тағы кемінде 1,5 миллион берілмек. Бұл сұранысты толықтай дерлік жабады.

Беслан Цатиашвили, Консалтингтік компания сарапшысы:

- Қазір салынып жатқан баспанаға ақша құйғандар абай болуы қажет. Мердігер компанияның рұқсат қағаздарын тыңғылықты тексеріп алыңыз. Үлескер қаржысын таруға қақы бар ма, жоқ па, анықтап алған абзал. Бұған қоса, Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорымен келісімі болуы тиіс. Яғни, құрылыс компаниясы банкрот болған жағдайда қор істі соңына дейін жеткізеді деген сөз. Осы және өзге де мәселелерге мұқият болуға кеңес берем. Әйтпесе, кейбір келісімдер уақыт өте күшін жойып, тақырға отырып қалуыңыз мүмкін.

Еліміздің ұлттық банкі АҚШ-тың бір долларын 427 теңге 75 тиын деп белгіледі. Еуро 518 теңге 3 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 76 тиынға тең.