Жаңаөзенде газ өңдейтін зауыт салынады

Елде газ өндірісін дамытуға 1 миллиард АҚШ доллары жұмсалады. Соның аясында бірнеше жоба жүзеге асырылмақ.

Бір миллион АҚШ долларына атқарылатын жобалардың ең ауқымды үшеуін атап өтейік. Атырау облысында газ өңдейтін зауыт салынады. Қазір құрылыс жұмыстары басталып кеткен. 2023-ші жылдың төртінші тоқсаныда аяқталуы тиіс. Жобаның жалпы құны 860 миллион доллар. Жылына 1 миллиард текше метр шикі газды өңдеп, 800 миллион текше метр тауарлы газ шығарады.

Сондай-ақ Қашаған 2А Фазасында шикі газды өңдеу қуаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілмек.

Бұған қоса Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыты салынады. Жобаға 350 миллион АҚШ доллары жұмсалады. Кәсіпорын жылына 760 миллион текше метр өңделген газ шығарады. Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда Маңғыстауда қазір жұмыс істеп тұрған Қазақ газ өңдеу зауытының құрылғылары ескірген. Жаңа зауыт құрылысы екі жылдан аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде 2024 ші жылы елде 62 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Оған дейін тұрғындардың 55 проценттейі табиғи газға қосылады.

ӘЛЕМДЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚЫМБАТТАДЫ

Еуропада табиғи газ қымбаттап барады. Кеше кәрі құрлықтың электрэнергия тауарлары саудаланатын орталық биржасында көгілдір отынның бір текше метрі 480 доллардан асып кетті. Жылпы сәуірден бері нарықта газ екі есе қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша биыл кәрі құрлықта қыс қатты болып, жылыту маусымында көгілдір отын көп жағылды. Салдарынан қор айтарлықтай азайып қалған. Оның үстіне жаз ыстық болып, жұрт жаппай кондиционер қосқандықтан электр энегриясы жөп жұмсалды. Қазір Еуропада газ қоры 50 проценттей ғана. Оны үздіксіз толтырғанның өзінде қысқа дейін тек 70 процентке жеткізе алады. Ал норма 92 болуы тиіс екен. Оның үстіне кейінгі жылы Қытай билігі де ауаға бөлінетін улы газды азайту саясатын ұстана бастады. Сәйкесінше көмірден бас тартып, жылу қазандықтары мен кәсіпорындарды газға қосқан. Табиғи газ импортын 34 процентке арттырыпты. Бұл да көгілдір отынға сұранысты арттырып бағасын көтеруге түрткі болды.

Былтыр елде қоршаған ортаны қорғау саласына 384 миллиард теңге жұмсалды. Оның жартысынан көбі яғни, 210 миллиард теңгесі ағымдағы шығындарға жаратылған. Қалғаны негізгі капиталға инвестиция ретінде салыныпты.

Өңірлер бойынша айтсақ, 2020 жылы қоршаған ортаны қорғау саласына ең көп қаржы бөлген өңір Ақмола облысы 63,9 миллиард теңге, Атырау облысы 44, Павлодар облысы 40 миллиард теңге жаратқан. Ал, бұл салаға қаржыны ең аз жұмсаған өңір Алматы облысы 2,4 миллиард теңге. Түркістанда 2,8 Солтүстік Қазақстан облысында 4,3 миллиард теңге бөлінген.

Қаржының басым бөлігі ауаға бөлінетін улы газдың үлесін азайту, климаттың өзгеру мәселелерін шешу құрлық пен суларды қоқыстан тазартуға жұмсалған. Сондай-ақ баламалы жаңартылған энергия көздерін дамытуға 115 миллиард теңге жұмсалған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 29 процентке аз екен.

ИПОТЕКАЛЫҚ ҚОРЖЫН 116% ӨСТІ

Кейінгі үш жылда елдің ипотекалық қоржыны 116 процентке өсті. Осылайша Еуропа елдерінің ішінде Қазақстан жылжымайтын мүлікті несиеге беру рейтінгінде бірінші орынға шықты. Бізден кейін Ресей, 85 процент. Беларусте 68,2 Эстонияда 56,3 процентке өскен. Ал Кипр, Украина, және Швейцарияда ипотекалық нарық керісінше төмендеп кеткен.

Ұлттық банктің 1 маусымдағы мәліметіне қарағанда ипотекалық несиеге 160 миллиард теңге берілген. Қаңтарда ғана қарыз сомасы 78 миллиард болған еді. Айналдырған бес айда тұрғындар қаржы ұйымдарынан 82 миллиард теңге ипотекалық қарыз алған. Көш басында Елорда тұр. Нұр-Сұлтан қаласының 741 мың тұрғыны ипотека рәсімдеген. Одан кейін Алматы қаласы және Қарағанды облысы. Ал ипотекаға үй сатып алатындар ең аз өңір Түркістан облысы. Бірінші маусымға дейін мұнда 5 мың 400 адам ипотекалық несие рәсімдеген.

Енді валюта бағамына тоқталайық.

Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 424 теңге 53 тиынға тең.

Еуро 504 теңге 55 тиын.

Ал ресей рублі 5 теңге 79 тиын деп белгіленді.