Қазақстандық шенеуніктер қаржысын қай елде сақтайды?

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын көбіне Сингапурде сақтайды.

Ал жылжымайтын мүлікті Ресейде сатып алғанды жөн көреді. Биыл Кіріс және мүлік декларациясын 465 мың жеке тұлға тапсырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, соған теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары бар. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, табысын жария еткендердің 117-сінде әлемнің 29 елінде есепшоты бар. Басым бөлігі Сингапурде ашылған. Мұнда отандастарымыздың 952 млн теңгеден аса қаржысы сақтаулы. Лихтенштейн княздігіде 400 млн-нан аса, Ресейдегі банктерде 500 млн жуық қаражат жатыр.

Сондай-ақ сырт мемлекеттерде қазақстандық шенеуніктердің атына 221 жылжымайтын мүлік тіркелген. Оның 90%-ке жуығы Ресейде. Бір қызығы, мемлекеттік қызметшілердің өз елімізде қандай мүлкі бары белгісіз. «Оны жариялау туралы декларацияда талап жоқ», - дейді комитет өкілдері.

***

Биыл елде бидай түсімі азаяды

Орташа есеппен гектарынан 8,8 центнер өнім алынады. Мұндай болжамды Қазақстанның Егіншілер одағы жасады. Бір ай бұрын 10 центнер болады деп болжанған еді. Басты себеп – қуаңшылық. Одақ төрағасы Виктор Аслановтың айтуынша, маусым айындағы жауын-шашын да жағдайды өзгерте алмаған. Ал егер жиын-терім кезі жаңбырлы болса, жоғары сапалы өнім алу мүмкін болмай қалады. Оның орнын көрші елдерден әкелінетін өнім толықтарды. Жоспар бойынша биыл Ресейден астықтың 2 млн тоннасы сатып алынбақ. Қуаңшылық Қазақстанды ғана емес, Орта Азия елдерінің біразын титықтатып жіберді. Бұл дегеніміз, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың көбеймесе азаймайтынын білдіреді. Бидай бағасы көтерілуі мүмкін. Ал мұндай жағдайда ішкі нарықта қандай ахуал қалыптасады? Нан қымбаттай ма? Мамандардың сөзінше, қуаңшылық пен еркін саудаға қарамастан нан бағасы өседі. Жалпы мемлекет тарапынан нан өнімдерінің белгілі бір түрінің бағасы бақыланатынын да айта кету керек.

***

Жемқорлар мемлекетке 6,2 млрд теңгеден аса шығын келтірді

Елде коронавируспен қатар коррупция да өршіп тұр. Алты айда жемқорлар мемлекетке 6,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Өсім 23,2%. Құқықтық статистикаға сүйенсек, биыл 725 қылмыстық іс сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қаралған. Нәтижесінде 4,6 млрд теңге мемлекетке қайтарылды.

Шығындардың ең көп үлесі ауыр қылмысқа тиесілі. Ол 5,6 млрд теңге шамасында. Ал аса ауыр қылмыс бойынша 180 млн теңге көлемінде зиян келтірілген. Сондай-ақ қызметін асыра пайдаланғандар қазына қаржысының  5 млрд теңгесін жымқырған. 464,5 млрд теңгеге бөтеннің мүлкін иемденген. Мемлекеттік қызметшілер арасында сотқа ең көп тартылғандар ішкі істер органдарында істейді екен. Кейінгі айларда 90 адам ұсталған.

***

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын қай елде сақтайды?

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын көбіне Сингапурде сақтайды. Ал жылжымайтын мүлікті Ресейде сатып алғанды жөн көреді. Биыл Кіріс және мүлік декларациясын 465 мың жеке тұлға тапсырған. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, соған теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары бар. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, табысын жария еткен 465 мың тұлғаның 117-сі шетелде шот ашқан. Басым бөлігі Сингапурде. Қаржысын Лихтенштейн княздігі мен Ресейде сақтайтындар да аз емес. Сондай-ақ сырт мемлекеттерде қазақстандық шенеуніктердің атына 221 жылжымайтын мүлік тіркелген. Оның 90%-ке жуығы Ресейде орналасқан. Бір қызығы, мемлекеттік қызметшілердің өз елімізде қандай мүлкі бары белгісіз. «Оны жариялау туралы декларацияда талап жоқ», - дейді комитет өкілдері.

***

Сәбіз бен қызылшаның бағасы шарықтап кетті

Енді азық түлік нарығынан аз-кем ақпар. Нарықта сәбіз бен қызылшаның бағасы аз күнде шарықтап шыға келді. Мәселен, қызылша келісіне 352, ал сәбіз 296 теңгеден саудаланып жатыр.Жыл басынан бері еттің де бағасы едәуір өсті. Қарақұмық 12,4%-ке, сұлы жармасы 10,8%-ке көтерілген. Әсіресе, сұйық май, шай сынды күнделікті ішіп-жемнің қазіргі құны қалтаға салмақ салып тұр. Биыл жаз қызығы – жеміс-жидек пен көкөністі де көпшілік тойып жей алмайтын секілді. Бір ай ішінде оның бағасы 8%-ке көтерілгені байқалады.

Ал валюта бағамына тоқталар болсақ, Қазақстан қор биржасында доллар 424 теңге 64 тиын деп белгіленді. Еуро 503 теңге 75 тиын, рубль 5 теңге 77 тиынға тең.