Қазақстандық әйелдерге жалақы төлеу жағынан гендерлік теңсіздік байқалады

Қазақстандық әйелдерге жалақы төлеу жағынан гендерлік теңсіздік байқалады

Қазақстанды алып қарасақ, бізде әйелдердің экономикадағы үлесі тұрақты. Мысалы, жалдамалы жұмысшылардың 50%-і әйелдер. Десе де, табыс көлеміне қарайтын болсақ гендерлік теңсіздік байқалады.

Ірі кәсіпорындарда қызметкерлердің 40%-і әйелдер, орташа кәсіпорындарда – 55% және шағын кәсіпорындарда - 65 процент. Бірақ ірі кәсіпорындардағы жалақы орташа компанияларға қарағанда 15%-ке жоғары. Яғни әйелдер жалақысы төмен жерлерде жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, әйелдердің экономикадағы ролінің артуы ел экономикасының өсуіне ықпал етеді. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша ерлер мен әйелдердің жұмыс күшінің арасын 25%-ке қысқарту әлемдік ЖІӨ-ні 4%-ке дерлік арттыруы мүмкін.