Төл теңге әлсірей ме

Украинадағы ахуал ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, Ақ үйдің көрші елге салған санкцияларының салқынын біз де сезуіміз ықтимал, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу биржасының құлдырап, рубльдің күрт құнсыздануы теңге бағамын әлсіретеді. Бірқатар отандық сарапшылар осындай пікірде. Белгілі экономист Мақсат Халықтың айтуынша, Ұлттық банк қазірдің өзінде 33 млн доллар интервенция жасады. Бірақ төл теңгеміз одан құнды болып жатқан жоқ. Қара алтын бағасы да қымбаттайды. Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің құны 100 доллардан да асып түсуі мүмкін. Сондай-ақ  Ресеймен сауда-саттық көлемі төмендейді. Былтыр ел импортының 40 проценті көрші мемлекетке тиесілі болды. Осы тұста айта кеткен жөн, былтыр Украина мен Қазақстан арасындағы алыс-беріс 1 млрд долларға жетті. Статистикаға сүйенсек, тиісті көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 процентке көп.

Мақсат Халық, экономист:

– АҚШ жаңа санкцияларды жұмылдыратын болса негізінен қаржылқ жүйеге  бағыттайтынын айтып отыр. Бұл жерде суифт дейтін рубль құнсызданады. Ол, әрине, теңгемізге әсер етеді.

ҚЫРҒЫЗСТАННАН ЖӨНЕЛІТІЛЕТІН ИМПОРТ 2,5 ЕСЕ АРТТЫ

Жыл басынан бері Қытайдан Қырғызстанға жөнелтілетін экспорт көлемі 5 есе артты. Ең қызығы дәл осы аралықта Қырғыз елінен бізге тасымалданатын импорт та еселене түсті. Қаржы министрі мұны шекарадағы бақылауды күшейтумен байланыстырды. Осы орайда отандық белгілі экономистпен сұхбаттастық. Сарапшы Сапарбай Жұбаев бұл жағдай қарапайым тұтынушылардың қалтасын қақпайтынына сенімді. Себебі, арадағы алыс-беріс тым аз. Әрі шекарадағы былықтың кесірінен бұл түсімдер жылдар бойы  ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Бірақ, шекарада тәртіп орнаса онда экономикаға келер пайда анағұрлым көп болмақ. Қазақстан Орталық Азияны Қытаймен байланыстыратын транзиттік мемлекетке айналады. Нәтижесінде 85 млн халқы бар нарыққа тауар тасымалдауға мүмкіндік туады.

Сапарбай Жұбаев, экономика ғылымдарының кандидаты:

– Шекарадағы келеңсіздіктерді жөнге келтіретін болсақ, мына Қырғызстан бүгінгі күнде Орта Азияның транзиті болып тұр ғой Қытай мен Орта Азияның ортасында. Сол ортада болатын нәрсе Қазақстан арқылы болу керек. Себебі, біздің шекарадан өтетін тура батыс қытай-Батыс Еуропа жолы бар. Теміржолымыз, Қорғас, Достығымыз бар. Ал қырғызстанда Өзбекстан. Содан Тікелей Қашғарға жол ашпақшы болып жатыр. Бірақ 10-15 жылдан бері осы жолды ашу мәселесі шешілмей жатыр. 01,41 Сондықтан біз Қорғастағы келеңсіздіктерді шешіп, өзіміздің транзиттік-транспорттық әлеуетімізді өсіру керек.

МОБИЛЬДІ АҚША АУДАРЫМДАРЫН БАҚЫЛАУ ТЕТІГІ

– Екінші деңгейлі банктер арқылы жасалған мобильді ақша аударымдарын бақылау тетігі әзірленді. Егер 3 ай қатарынан жеке тұлғаның банктік есепшотына кемінде 100 адам қаржы аударса онда олар бірден күдікке ілінеді. Тиісті ақпаратты қаржы ұйымдары 2025 жылға дейін мемлекеттік кірістер департаментіне жіберуге міндетті.

Бұл жұмыс 4 кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі. Ал, келер жылдан бастап тізімге бюджет және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қосылады. 2024 жылы тиісті шарамен басшылық қызметтегі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары қамтылады. 2025 жылы халықтың қалған барлық санаттары бойынша ақпарат беріледі. Бірақ бұл жоба әзірге бекітілген жоқ. Құжат Электронды үкімет порталында қоғамдық талқылау мақсатында жарияланды.

ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ИРАНҒА $ 162 МЛН ӨНІМІН ЖЕТКІЗУГЕ ДАЙЫН

Отандық компаниялар Иран нарығына 162 млн долларға өнім жеткізуге дайын. Еліміз металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия, фармацевтика салалары мен құрылыс материалдарын жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында айтылды. Ал Тегеран Қазақстанға ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларын жөнелтуге ниетті. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран арасында еркін сауда туралы келіссөз жүргізілуде. Тиісті келісім кедендік баждарды төмендетіп,  тауар номенклатурасының кемінде 80 процентін алып тастауды көздейді. Егер жоспар іске асса елдеріміз арасындағы алыс-беріс арта түседі. Сонымен қатар, Ирандық IMIDRO холдингі Қарағанды облысындағы Борлы мыс-молибден кен орнын барлауға және игеруге инвестиция салады. Қазір  5 мың тонна катодты мыс өндіруге қуаты жететін гидрометаллургия зауытының құрылысы басталды.