Жарық неге жетпейді?

Қазақстан криптовалюта өндіруде оныншы орынға дейін сырғып кетуі мүмкін. Блокчейн және дата орталықтар қауымдастығы осындай болжам жасады. Олардың айтуынша маинингтік фермалардың 30 проценті елден көшіп кетті. Қалғаны да құрал сайманын жинап жатқан көрінеді. Майнерлердің кетуіне не себеп? Жарық неге жетпейді?

Былтыр Қазақстан криптовалюта маинингі бойынша әлемде екінші орынға шыққан еді. Алайда елдің қуат көздері мұндай ауыртпалықты көтере алмады. Бір жылда жарықты тұтыну көлемі 7 процентке көбейген. Сұранысты жабу үшін электр станциялары өндіріс көлемін арттырды. Шет елден импорттау жолдарын да қарастырды. Десе де, мәселе түбегейлі шешілмеді. Мамандар энергияға сұраныстың күрт артуын майнингтік компаниялармен байланыстырады. Кейінгі жылы олардың қатары күрт көбейген. Көбі жасырын жұмыс істейді. Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда кейінгі бес күннің ішінде осындай 10 шақты заңсыз ферма табылды. Олардан жалпы көлемі 202 мегават сағат электр энергиясын тұтынатын аппараттар тәркіленген. Қазір үкімет заңсыз майнерлерді анықтап қызметін тоқтатуға қатысты жедел іш-шаралар қабылдап жатыр. Сондай-ақ салық көлемін 10 есе көбейтпек. Бұл тіркелген майнерлерге тиімсіз. Сондықтан олар елден кетіп жатыр. Блокчейн қауымдастығы энергия тапшылығына майнерлер емес, жауапты органдар кінәлі дейді.

Сапар Ахметов, Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы:

– Министрлікте, үкіметте энергетиканы дамыту стратегиясы болса, егер де сараптау жұмысы жүргізілген болса, онда маинингтік компанияларға неліктен рұқсат берілді. Рұқсат берілмеу керек еді ғой. Бізде ондай стратегия жоқ. Біз жыл сайын 1,5 шаршы метр тұрғын үй тапсырамыз. ол тұрғын үйдің ішінде тамақты газбен дайындамаймыз ғой. Электр плиталармен дайындаймыз. Солардың барлығы біздің профицитті жеп жатыр. Ал маинингтік компаниялар осы мәселенің ашылауна себепкер болды. Кінәлі нәрсені табу үшін осы майнерлерге ысыра салайық. біз оны алдын ала эоспарламадық деп олар айта алмайды.

KASE GLOBAL-ДЕ 305 МЛН ТЕҢГЕГЕ АКЦИЯЛАР САУДАЛАНДЫ

Өткен аптада Қазақстан қор биржасының KASE Global секторында шет елдік компаниялардың 8 мың 985 акциясы бойынша 661 келісім жасалды. Жалпы сомасы 305 миллион теңгеден асады. Алдыңғы аптамен салыстырғанда келісімдердің саны 25 процентке аз. Сондай-ақ сауда-саттық барысында құнды қағаздары сұранысқа ие компаниялардың да тізімі жаңарды. Ақпанның 14-і мен 18 аралығында Америкалық AMD, микрочип шығаратын Micron Technology, Salesforce, Mastercard және American Airlines әуе компанияларының акциялары көп саудаланды. Қазақстан қор биржасының мәліметіне қарағанда бүгінде  KASE Global секторында шет елдік эмитенттердің 43 құнды қағазы бойынша сауда ашық.

АКЦИЯ САТУДА АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАЛҒАН

«Kcell» компаниясының акцияларына қатысты 200 келісім, нарықта тұрақсыздық орнату мақсатымен жасалған. Бұл туралы Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы хабарлады. Компания былтыр Қыркүйекте акцияларының 24 процентін сатуға шығарды. Сол кезде құны шынайы бағасынан 53 процентке арзан саудаланған. Жіті тексеруден кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл келісімді алаяқтық мақсатында жасалған деп таныды. Осыған қатысы бар деген күдікпен 11 заңды тұлға мен екі жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет болып тұр. Финанс-кз телеграм каналының мәліметіне қарағанда сауда-сатық барысында Кселл компаниясының 48 миллион акциясы мың 158 теңгеден сатылған. Ал егер өз құнымен саудаланса 2 мың 515 теңгеден болар еді. Яғни шығын 65 миллиардқа жуық.

БІР ЖЫЛДА КҮНБАҒЫС МАЙЫ 2 ЕСЕ ҚЫМБАТТАДЫ

Елде күнбағыс майы бір жылда екі еседей қымбаттады. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Бағаны тұрақтандыру үшін ауылшаруашылық министрлігі өнімді және шикізатын экспорттауға 1-ші шілдеге дейін квота енгізген. Мамандардың айтуынша былтыр күнбағыстың шығымы жақсы болды. Қазір қамбада 800 мың тоннадай өнім бар. Бірақ оны сату бойынша шаруалар мен өндірушілер келісе аламай  жатыр. Себебі бәсеке жоғары. Мәселен Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдері күнбағыс өсірмейді. Олар Қазақстаннан шикізат алу үшін жоғары баға ұсынады. Осыған қызыққан шаруалар жергілікті зауыттарға да сол бағамен сатқысы келеді. Осылайша баға көтеріледі. Оны тұрақты ұстау үшін отандық өндірушілер Ресейден арзан шикізат сатып алуға мәжбүр. Қазір елде Май өндіретін зауыттар негізінен Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысытарында орналасқан. Олар ішкі нарықты толық қамти алмайды. Шамамен 30 проценттейі шет елден импортталады.

Константин Невзоров, Қазақстан май өндірушілері одағының төрағасы:

– Әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімдері бүкіл әлемде қымбаттады. Әсіресе, өткен жылы күнбағыс та майы да шарықтап кетті. Бірақ біз мамырдан бері бағаны бір литрі үшін 880-890 теңге аралығында ұстап тұрмыз. Қазақстан жылына шамамен 130 мың тонна күнбағыс майын экспорттайды. 95 мың тоннадай импорттайды. Былтыр экспортқа квота енгізілді. Бірақ бағаны тұрақтандыруға ол қатты әсер ете қоймады.