Украинада неон өндірісінің тоқтауы әлемде чип тапшылығын тудырды

Украина аумағындағы әскері қақтығысқа байланысты елдегі неон өндірісі тоқтады.

Бұл чип жасауға қажет негізгі материалдардың бірі. Украинадағы неон өндірісінің тоқтауы, чиптердің одан әрі қымбаттауына әкеледі дейді сарапшылар. Жартылай өткізгіштердің тапшылығы одан сайын күшеюі мүмкін. 

Айта кетейік, желтоқсаннан бастап жоғары сапалы таза неон бағасы 500%-ке өсті.

Reuters хабарлауынша, Украинаның "Ингас" және "Криоин" компаниялары чиптер жасау үшін қолданылатын неонмен әлемнің жартысын қамтамасыз етеді. "Ингас" компаниясы Тайвань, Корея, Қытай, АҚШ және Германия үшін айына 15-20 мың текше метр неон шығарады, оның шамамен 75%-і микросхемалар өндірісіне кетеді. Ал тағы бір ірі чип өндіруші компания TSMC, оларда неон қоры бар екенін, сондықтан жақын арада тауар жеткізуде қиындықтар болмайтынын айтты. Бірақ кішігірім чип өндірушілер бұл жағдайдан қатты зардап шегуі мүмкін делінген хабарламада.