Сарапшы: Базалық мөлшерлемені төмендетуге болмайды

Ұлттық Банкке қос мандат керек пе? Егер Сенатта айтылған мәселе заңмен бекітілсе, Ұлттық банк инфляцияны тежеумен қатар экономиканың дамуына да жауап береді. Бұдан бөлек, базалық мөлшерлеменің экономикалық тиімділігіне қатысты да сын айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жоғары базалық мөлшерлемемен экономиканы дамыта алмаймыз. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудің ішкі тетіктерін іздеуіміз керек», – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев. Оның айтуынша, бүгінде экономиканы несиелеу жалпы ішкі өнімнің 25% құрайды. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш 60-70%. Сингапур, Корея, бірқатар Еуропа елдерінде 150%. Сонымен қатар бізде соңғы жылдары эономиканы несиелендіру көлемі қысқарған. Ал «инфляцияны тежеудің басты тетігі жоғары пайыздық мөлшерлеме. Егер сыртқы тәуекелдер сақталатын болса, біз осы жоғары базалық мөлшерлемемен экономикамызды дамыта алмаймыз», – деді спикер. Экономист Мақсат Халық Сенат төрағасының пікірімен келіседі. Сарапшының айтуынша, базалық проценттік мөлшерлеме төмен болу керек. Сонда елдегі несие де арзан болады. Бірақ қаржы секторының өз заңдылықтары бар. Экономист осы бір тетіктерді қарапайым тілмен түсіндіріп көрді. Тыңдайық.

Мақсат Халық, экономист:

Бірақ Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу саясаты бар. Сол мақсат орындалса, сол кезде біздің инфляция 4 процент төмендейді. Бірақ ол қазіргі жағдайда мүмкін емес. Неге? Себебі қазір инфляция қатты өсіп кетті. Қазір 12 процент. Ол ресми инфляция. Ал тағы да азық түлік инфляциясы 15%7 Бұл да ресми мәлімет. Ал бейресми мәліметте тіпті кейбір тауарлардың бағасы екі есе, үш есеге дейін қымбаттап кетті. Бұндай кезде базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету ақымақтық. Неге? Өйткені Түркияның мысалын айтуға болады. Өткен жылы Ердоған да сөйткен. Төмендетіңдер деп түсірді. Бірақ оның салдарынан инфляция қазір 60% болып жатыр Түркияда.

ТҮРКИЯДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ 70%

Түркияда жылдық тұтыну инфляциясы 70% болды. Turkstat деректері бойынша тұтыну бағаларының индексі жылдық мәнде 69%-ке дейін жеделдеді. Сонымен бірге бір ай ішінде елдегі тұтыну бағасы 7%-ке өсті. Әсіресе тамақ және алкогольсіз сусындар, тұрғын үй және киім кешек, көлік қатты қымбаттаған. Ал Enagrup түрік инфляциясын тәуелсіз зерттеу тобының бағалауынша Түркиядағы жылдық инфляция 156%-ке жетті. Бұл ресми деректерден екі есе жоғары. Айта кетейік, елдегі Орталық банктің проценттік мөлшерлемесі 14% құрайды

ОПЕК+ ЕЛДЕРІ МҰНАЙ ӨНДІРІСІ ҰЛҒАЙТУДЫ ЖАЛҒСТЫРАДЫ

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін ұлғайтуды жалғастырады. Қара алтын өндірісін ай сайын тәулігіне 432 мың баррельге арттырады. ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы осындай шешім қабылдады. Жиын онлайн форматта өтті. Қазақстан атынан отырысқа Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан маусымда тәулігіне 1 миллион 655 мың баррель мұнай өндіруге міндеттеледі. Артық орындалған көлемді өтеу кезеңі маусымның соңына қалады.

ҚАРА АЛТЫН ҚЫМБАТТАДЫ

Украинадағы жағдай, көші-қон дағдарысы және Ресейге қарсы санкциялардың кері әсері Азия нарықтарында да сезілді. Nikkei Токио қор биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша негізгі индекс 3%-ке төмендеді. Мұнай бағасы Ресей мұнайы мен газына қатысты эмбаргоны жариялауы мүмкін дегеннен кейін қымбаттап кетті. Қара алтын құны 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Кеше мұнай котировкалары барреліне 110 доллар шамасында тіркелді. Әлемде тұрақсыздық барлық шикізаттың никельдің, алюминийдің, мырыштың және мыстың бағасын көтерді. Аптаның басында никель тағы 10%-ке қымбаттады, ал алюминий бағасы алғаш рет тоннасына 4 мың долларға жетті.