Еліміз мақтаны толық өңдей алмай отыр

Алдағы уақытта мақта өнімдері қымбаттауы мүмкін. Себебі әлемдік нарыққа қажетті мақтаның тең жартысын жеткізіп отырған Америка мен Бразилияда қуаңшылық болып, өнім айтарлықтай кеміген.

Нарықтағы тапшылыққа байланысты әлемде ақ ұлпа бірден 30 процентке қымбаттады. Мақта өндірудіен алдын жан салмайтын Үндістанның өнімді импорттауға мәжбүр болып отыр. 

Әлемде мақта 30% қымбаттады 

Әлемдік нарыққа қажетті мақтаның 33 процентін өсіретін Америкада биыл өнім аз. Wall Street Journal-дың ақпаратына қарағанда АҚШ тағы мақта дәні себілген алқаптың 40 процентінде өнім жоқ. Жиын терім жылдағыдан 28 пайыз аз болады. Ақ ұлпаның бүгінгідей көлемі 150 жыл бұрын жиналатын. Қазір қанша керек екенін ойлай беріңіз. Мақта өсіруден екінші орындағы Бразилияда жағдай мәз емес. Қуаңшылық пен аптап ыстық кесірінен мұнда да өнім жылдағыдан 30 процентке кем. Сондықтан мұхиттың арғы жағындағы сарапшылар биыл киім-кешек оның ішінде балалар киімі мен картонның құны шарықтайды деген пайым жасады. Ал Ресейлік кәсіпкерлер мақта өнімдерін Түркия және Өзбекстаннан алатын болғандықтан қымбатшылық бола қоятынына күмәнмен қарайды. 

Елде мақтаны толық өңдейтін зауыт жоқ

Мақтаны Қазастан да өсіреді. Түркістан облысының шаруалары биыл 126 мың гектар жерге тұқым  сепкен. Одан 345 мың тонна өнім аламыз деп отыр. Яғни гектарына 25 центнерен. Алайда бізде ішкі нарықта мақтаға сұраныс аз. Оны толық өңдейтін зауыт жоқтың қасы. Қазіргі таңда 17 кәсіпорын осы салада жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаты 790 мың тоннаны өңдеуге жетеді. Алайда көбі тозған. Ескі технологияны қолданады. Тиімсіз болған соң кейбірі жабылып жатыр. Мәселен, кейінгі 4-5 жылда 5-6 зауыт  жабылып қалды. Сондықтан диқандар өнімді шикізат күйінде сырт елге сатады. Бүгінде елде жалпы өнімнің 70-80 проценті экспортқа кетеді. 

Аслан Ибадуллаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы:

- Биыл шаруалардың болжамы жақсы. Былтыр да жаман болған жоқ. Оның алдыңғы жылдары пандемия кезінде қиын болды. Ол кезде баға өте төмен болды. 130-160 теңге көлемінде.  Салыстырмалы түрде қарасақ биыл 400 теңге. Былтыр 320-360 теңге аралығында болды. Өнімдер көбіне Еуропа, Ресей және Бангладеш, Қытай елдеріне жөнелтіледі.

КҚК арқылы мұнай экспорты артқан 

Қазақстанның KEBCO деп аталатын мұнайы қазір әлемдік нарықта Ресейдің Urals маркасынан жоғары бағаланады. Біздің ел өз қара алтынын жаңа атаумен сатуға биыл шілдеден бастап кірісті. Бұған дейін ресейлік атауымен сатып келген еді.  Ол Брент маркасына қарағанда әлдеқайда арзан бағаланады. Мәселен еуропалық марка биыл алғашқы жартыжылдықта орта есеппен 108 доллар шамасында саудаланса, Urals 85 доллардан әрі аса алмады. Сондықтан отандық мұнайшылар қазақ қара алтынына жаңа атау беріп, өзіндік құнын шығарды. Айта кету керек, Қазақстан мұнайының 80 проценті капий құбыр конциорсумы арқылы тасымалданады. Кейінгі кезде бұл құбырдың жұмысынан қайта қайта ақау шығып жатыр. Бірер күн бұрын үш айлақтың екеуі  тоқтады. Мұнда мұнай айдайтын құрылғылардан ақау шыққан. Мамандардың айтуынша, бұл қазақстан мұнайын кәрі құрлыққа жеткізуге кедергі келітіріп жатқан жоқ.

Дәурен Қарабаев, "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бірінші жырты жылдықта  каспий құбыр консциорсиумы арқылы тасымалданған мұнай көлемі азайған жоқ. Керісінше сәл көбейген. Алдағы уақытта да тасымалдың азайатыны туралы мәселе жоқ. Ал жаңа бағыттар туралы айтатын болсақ, Қазақстан географиялық орналасуы жайлы. Ұзақ мерзімді жоспарда бұл құбырға балама болатын бағыттар бар екеніне сенімдімін. 

Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады 

Қазақстан Каспий арқылы Әзербайжанға мұнай жөнелту жолдарын талқылап жатыр. Бірақ негізгі құбыр каспий құбыр консиорсумы болып қала береді. Яғни сол құбыр арқылы кетіп жатқан қара алтын көлемі азаймайды. Өйткені Қазақстан мұнай өндірісін көбейтуге ниетті. Мәселен қазір жылына 86 миллион тонна мұнай алынса, алдағы жылдарда бұл көлемді 103 тіпті 107 миллион тоннаға дейін жеткізу мақсаты тұр.Сонда жаңадан өндірілген қара алтын жаңа бағыттар арқылы тасымалданады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді. Оның айтуынша, қазір Қытай бағытындағы құбырдың мүмкіндігін молайту және Каспий арқылы тасымалдау жолдары қарастырылып жатыр.